200 көлік айыптұрағына қойылды. Алматыда мопедтерді тексеріп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
200 көлік айыптұрағына қойылды. Алматыда мопедтерді тексеріп жатыр
200 көлік айыптұрағына қойылды. Алматыда мопедтерді тексеріп жатыр/Фото: Polisia.kz

Алматыда «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу ауданында попедтерді тексеру іс-шасы өтті.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, бар болғаны екі күннің ішінде мопед пен скутер жүргізушілеріне қатысты 360-тан астам құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, сақтандыру полисі мен жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын елемеу секілді өрескел заң бұзушылықтар бар. Нәтижесінде 200-ден астам көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылған.

«Мопед пен скутер жүргізушілерінің жауапсыз әрекеттеріне жол беруге болмайды. Біз тек профилактикалық жұмыс жүргізіп қана қоймай, заң аясында нақты шаралар қабылдаймыз. Жол қозғалысы ережелері – жай ұсыныс емес, ол баршаға ортақ міндет», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасилов.

Қазіргі таңда аудандық полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Арнайы жасақтар күн сайын көшелерді аралап, мектеп маңында және аулаларда рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Қазақстанда 2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопед жүргізушілері толыққанды жол қозғалысына қатысушылар ретінде тіркелді. Полиция бүгінде тіркелмеген мопед иелеріне айыппұл салына бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз