28–30 сәуірде Петропавлда су тасқыны шарықтау шегіне жетеді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
28–30 сәуірде Петропавлда су тасқыны шарықтау шегіне жетеді
28–30 сәуірде Петропавлда су тасқыны шарықтау шегіне жетеді/Фото: СҚО әкімінің баспасөз қызметі

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әкімдіктегі отырыста өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы хабарлады. Оның айтуынша, биыл Сергеев су қоймасында алғаш рет үшінші толқын байқалуда. Петропавлда тасқынның шарықтау шегі 28–30 сәуірде күтілуде.

Қазіргі таңда Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су жылдағыдай жайылма алқаптарға таралған. Су Заречный кенті мен Речпорт маңындағы саяжай учаскелеріне жайылғанып үлгерген. Бұл саяжайларда тұрғын жоқ, ТЖД мен полиция бекеттері қойылды.

Әкім Ойқала мен Былғары кентіндегі, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарындағы жағдай бақылауда екенін атап өтті.

«Су тасқыны толық аяқталғанға дейін жағдайды тұрақты бақылауда ұстаймыз. Басты басымдық – азаматтардың өмірі мен мүлкін сақтау. Барлық қызметтер жоғары дайындықта болып, жедел әрекет ету керек», – деді өңір басшысы.

Есіл өзенінің жайылма алқабында орналасқан Заречный кентінің тұрғындарын алдағы уақытта қауіпсіз аймақтарға көшіру туралы шешім қабылданған. Осы мақсатта 90 және 72 пәтерлі екі көпқабатты үй тұрғызылып жатыр. Сонымен қатар, жаңа түзеу мекемесі мен Копай шағын ауданында 600 орындық мектеп салынбақ.

Бұған дейін, Солтүстік пен Шығыс Қазақстанда су басу қаупі әлі де сақталып отырғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз