Астанада ҰҚҚ қызметкерінің денесі табылды
Жарияланды

Елордада 21 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің денесі табылды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
«21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды.
Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтылануда» делінген комитет хабарламасында.
Комитет оқиғаға қатысты бұдан өзге ақпарат жарияламады.
Кеше мемлекеттіктік мекеме қызметкеріне қатысты көпті елең еткізген тағы бір оқиға болды. Шымкентте әлдекім қала әкімінің орынбасары, экс-депутат Руслан Берденовке қарумен шабуыл жасады. Күдікті ұсталды. Дәрігерлер шенеуніктің өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.