ҰҚК қызметкерінің денесі табылды: Полиция қосымша дерек жариялады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
ҰҚК қызметкерінің денесі табылды: Полиция қосымша дерек жариялады
ҰҚК қызметкерінің денесі табылды: Полиция қосымша дерек жариялады/Фото: shutterstock

Астана қаласының полиция департаменті ҰҚК қызметкерінің қазасына байланысты хабарлама таратты.

Полиция департаменті мәйіттің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтіп, ер адам үйінің терезесінен құлап кеткенін мәлімдеді.

«Алдын ала берілген деректер бойынша 42 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр» делінген хабарламада.

Бұған дейін ҰҚК қызметкерінің денесі табылғаны туралы қысқа ақпарат таратумен шектелген.

Сондай-ақ кеше түнде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған. Дәрігерлер ота жасап, шенеуніктің өміріне қауіп төніп тұрмағанын жеткізді

Сондай-ақ оқыңыз