
Америкалық киноакадемия «Оскар» сыйлығына үміткер фильмдерде жасанды интеллект технологияларын қолдануға рұқсат беретін жаңа ережелерді бекітті.
Енді генеративті ЖИ көмегімен жасалған фильмдер де «Оскарға» үміткер бола алады. Алайда Академия бұл технологиялар фильмнің жеңіске жету мүмкіндігіне тікелей әсер етпейтінін атап өтіп, басты назар әлі де адам еңбегіне аударылатынын айтты.
Бұл шешім кино саласындағы ЖИ технологияларын кеңінен қолдануға байланысты қабылданды. Мысалы, биыл «Оскар» алған «Бруталист» және «Эмилия Перес» фильмдерінде актерлердің дауысы мен венгр тілінде сөйлеу мәнерін жетілдіру үшін ЖИ пайдаланылған.
Сондай-ақ, Академия финалдық дауыс беруге қатысатын мүшелер барлық номинант фильмдерді міндетті түрде көруі керек деген жаңа талап енгізді.
Академия сонымен қатар 2027 жылдан бастап ең жоғары сыйлыққа лайықты каскадерді анықтайтын болады. Осы ретте әлемге әйгелі қазақ каскадері Жайдарбек Күнғожинов Қазақстан тарихында алғаш рет Оскар сыйлығын жеңіп алуға бар күшін салатынын айтады.
2025 жылғы «Оскар» жеңімпаздары биылғы наурыз айында белгілі болған.