Полиция NEF Qazaqstan компаниясының серіктесі Тарык Оскайға іздеу жариялады

Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясы NEF Qazaqstan компаниясының басқарушы серіктесі Тарык Волкан Оскайды іздестіріп жатыр. Түрік азаматына іздеу Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.

NEF Qazaqstan компаниясы Түркиялық NEF құрылыс холдингінің құрамына кіреді.
2023 жылдың күзінде NEF Qazaqstan компаниясы Astana International Exchange (AIX) алаңында дефортқа ұшыраған. Компания 4 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарыз бен 402 млн теңгеден астам купондық төлемді өтей алмаған
Бұған дейін бұл қаржы Алматы қаласында салынып жатқан Green Center тұрғын үй кешеніне жұмсалғаны айтылды. Қарызды өтемеу себебін компания сатып алушылардың дебиторлық қарыздарына байланысты туындаған қаржылық қиындықпен байланыстырған.
Бұған қоса, Тарык Оскай қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевпен бірге Comfort Hotel Astana қонақүйінің иесі болған. Қаңтар оқиғаларынан кейін бұл нысан мемлекет меншігіне өткен. 2024 жылы қонақүй шетелдік инвесторларға сатылған. Nөрт жұлдызды қонақүйді енді Invesco PowerShares Capital Management басқарады.