Түркістаннан шыққан 18 млн тонна лимон мен кәдіні Ресейге кіргізбей қойды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстандық тауарды Ресейге кіргізбей қойды / Фото: ашық дерек

Россельхознадзордың Орал аймақаралық басқармасының қызметкерлері Қазақстаннан шыққан 18,7 млн тонна лимон мен асқабақшаны шекарадан өткізбей қойды. Жүк тиеген көлікті Челябі облысындағы «Бугристое» өткізу бекетінде тоқтатып қойған. Бұл туралы жауапты ведомствоның сайтында жазылған.

«Фитосанитарлық бақылау барысында өнімнің бірыңғай фитосанитарлық талаптарға сәйкестігін растамайтын фитосанитарлық сертификат анықталды. Атап айтқанда, өнім қаптамасындағы таңбалау фитосанитарлық сертификатта көрсетілген деректермен сәйкес келмеген. Талаптарға сай келмейтін өнім Ресей аумағына кіргізілмей, көршілес мемлекетке кері қайтарылды», – деп жазылған сайттағы материалда.

Өнім тиеген жүк көлігі Түркістан облысынан Омбы қаласына бара жатқан. Тасымалдаушыға қатысты «карантиндік өнімді әкелу тәртібін бұзу» бойынша Ресей Федерациясының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 10.2-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.

Осы мәселеге байланысты KursivMedia арнайы ауыл шаруашылық министрлігіне арнайы сауал жолдады.

Сондай-ақ оқыңыз