Тоқаев Түркіменстандағы кен орындарын өңдеуге қызығып отыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов кездесу кезінде тараптар екі елдің арасындағы сауда айналымын 1 млн долларға дейін жеткізу уағдаласты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды.
Екі тарап, әсіресе, газ саласындағы серіктестікті кеңейтуге ниетті. Қазақстан басқа шетелдік әріптестермен бірге Галкыныш кен орнын өңдеу жобасына қызығып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тұрғынды-Герат-Қандағар-Ысын-Бұлдақ темір жол құрылысы жобасының да маңызын ерекше атап өтті. Егер ол сәтті аяқталса, көлік бағыттарын әртараптандыруға және экспорттық нарықтарды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Оның айтуынша, Солтүстік – Оңтүстік бағыты бойынша транзиттік әлеуетті дамытуда Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол магистралі мен құрылыс жүріп жатқан Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы автожолы маңызды рөл атқарады.
Бұдан бөлек, кездесу қатысушылары білім беру, медицина және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін де қарастырды. Қазақстан тарапы Түрікменстанға мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ IT-мамандарды, әскери қызметкерлер мен медицина қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Еске салайық, Түрікменстанның Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов 21-22 сәуір күндері Қазақстанға екі күндік сапармен келген еді.