Баға неге осындай? Яндекс Такси сапар құнының формуласын ашты

Яндекс Таксидегі сапар бағасын технология басқарады, оның міндеті белгілі бір аудандағы бос машиналар үлесін ұстап отыру. Сондықтан даладағы ауа-райы қандай болса да, сіздің сапарыңыз үшін жүйеде бос көліктер табылады және қажетті орынға жететініңізге сенімді боласыз. Әлеуметтік желіде көптеген адамдар өмірді қиындату үшін сұраныс көп кезде қызмет көрсету тобы бағаны ойдан шығарады деп жазады. Алайда әр сапардың бағасын қолмен басқару техникалық тұрғыдан мүмкін емес.
Бұл қалай жұмыс істейді? Нақты уақыт режимінде сұраныс, ұсыныс, ауа-райы жағдайын ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жүргізушілердің мотивациясын түсіну қажет. Жүргізуші жетпеген жағдайда оларды тарту немесе көлік бос жүрмес үшін тапсырыс арттыру қажет болады.
Яндекс Такси баға формуласын ашу туралы шешім қабылдады. Команда мамандарының қатысуымен деректі фильм түсірді. «Баға неге осындай? Яндекс такси технологиясының антологиясы» фильмінде сапар құнының барлық компоненттері және көптеген адамдар үшін түсініксіз «динамикалық баға» тіркесінің артындағы барлық алгоритмдер мен құралдар туралы баяндалады.
Сіз бен біз осы фильмді көруге кіріспес бұрын (оны материалдан шықпай-ақ көруге болады) бірнеше маңызды сәтті жазып алайық. Сапар бағасы төрт негізгі элементтен тұрады: тариф, коэффициенттің артуы, тиімділік, оңтайландыру.
Тариф құнының бөлек компоненттері бар:
- Жол ұзақтығы
- Сапарға кететін уақыт
- Сапардың минималды құны (жүргізушінің көлік шығындары)
- Ақылы қызмет көрсету (жүргізушінің белгіленген орынға ұзақ жүруі)
- Күту (үш минутқа дейін тегін, содан кейін жүргізушіге өтемақы төлеу үшін есептеуіш қосылады)
- «Балалар креслосының болуы» немесе «жануарларды тасымалдау» сынды қосымша операциялар
Өсу коэффициенті – сұраныстың күрт өсуі жағдайында тарифке қосылатын қаржы. Мысалы, жаңбыр жауа бастап, бәрі бірден үйге кеткісі келеді – бұл уақытта сұраныстың артатыны анық. «Жолдағы» жүргізушілер мен машиналардың саны – шектеулі ресурс. Айта кету керек: көптеген машиналараспан шайдай ашық кезде де бос болмайды. Бұған қоса, сұраныс өскеннен ұсыныс өспейді.
Динамикалық баға белгілеудің маңызды міндеттерінің бірі – үздіксіз жеткізу қызметін қамтамасыз ету.Сұраныс артып келеді – өсу коэффициенті іске қосылады – ауданға көбірек жүргізушілер келеді. Кейбірі бағаның өсуіне байланысты күтуді шешеді – көбісі жаңбыр астында қалмай-ақ үйге жете алады. Немесе жаңбырда қалып, бәрібір кете алады.
Үнемдеу үшін нені білу керек
Біздің әрқайсымыз такси бағасының төмендеуін күтіп отырамыз. Қарапайым кеңестерді қолданбасаңыз, бұл жағдай анекдотқа айналуы мүмкін. Себебі оның құны 1000 теңгеден 3000 теңгеге дейін төмендеді.
- Балама отыру нүктесі. Мысалы, алгоритм кейде ұсынатын картадағы альт-пин жүйесі – балама отыру нүктесі сияқты ұғым бар. Мысалы, көше бойынан немесе үйдің өзге жағынан отыру. Бұл қызмет көрсету құнын төмендетуі мүмкін, өйткені жүргізуші маневр жасау үшін орын іздеуге уақыт жоғалтпайды және сапар арзанырақ болады.
- Сұраныс аз уақыт. Сондай-ақ, қарбалас кезеңде таксиге тапсырыс беру жақсы идея емес екенін ескеру маңызды. Мысалы, үйден таңғы 7:50-ден ерте немесе кешкі 10:30-дан кейін шығуға болады. Бұл әлдеқайда арзан. Кешкі кептелістерде де жұмыс істейді.
Сонымен қатар, мамандар кейбір кептеліс пен сұраныстың артуы жағдайларын оңай болжай алатынымызға назар аударады. Мысалы, үлкен концерт болатын күндер. Ол аяқталғаннан кейін концерт залы маңындағы жолдарда апокалипсис басталады. Мұны түсіну үшін Yandex Qazaqstan-да жұмыс істеудің қажеті жоқ. Бұған жол бермеу үшін және қолайлы сомаға концерттен үйге кету үшінбар болғаны басқалардан бес минут бұрын шығу керек.