Lifestyle

Mercedes-Benz V-Class моделін енді VLE және VLS минивэндері алмастырады

Mercedes-Benz екі жаңа минивэн шығарып жатыр / Фото: mercedes-benz.com

Mercedes-Benz екі жаңа минивэн шығармақ. Mercedes V-Class моделін енді VLE және VLS сәнді минивэндермен алмастырады.

Неміс брендінің баспасөз қызметі Vision V концепт-карының премьерасын жариялады.  Люкс санатындағы Mercedes-Benz VLE мен VLS минивэндері  бүгін, 22 сәуірде Шанхай автосалонында алғаш рет таныстырылады.

Бұл екі модель арасындағы айырмашылық GLE мен GLS кроссоверлеріне ұқсас болады деп күтілуде. Яғни, VLS — VLE моделіне қарағанда әлдеқайда сәнді әрі премиум деңгейдегі көлік болады.

 Алғашқы модельдің дөңгелек базасының ұзындығы 3 метрден асады деген болжам бар, бұл өз кезегінде салон ішінде кең әрі жайлы кеңістік болуын қамтамасыз етеді. Бұған дейін жарияланған суреттер де осыны растайды.

Неміс моделінің екі нұсқасы да үш қатарлы орындықпен шығарылады. Алайда VLS нұсқасында орындықтарды қалауыңызша ауыстыруға болады. Көпнүктелі массаж сияқты бірнеше премиум функциялармен де толықтырылады.

Бұл минивэннің салонында 50 дюймдік экран орнатылады деп хабарланды. Сондай-ақ екінші қатарда жеке үстелдер болады. Vision V ерекше акустикалық жүйе динамиктерімен және шахмат фигуралары бар талғамды шағын үстелмен ерекшеленеді.

Бұдан бөлек, VLS стандартты түрде автономды басқарудың төртінші деңгейіне сай жабдықтармен қамтылады. Бұл модель тек электрлі қозғалтқыштармен шығарылады және жүріс қоры 700 шақырымнан асады.