
Астанада жылу беру тоқтатылды. Өңірде күн суытып, үскірік күтілетініне қарамастан 21 сәуір күні қалада жылу беру маусымы аяқталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің қаулысында айтылған.
«Астанада 2024-2025 жылыту маусымы 2025 жылдың 21 сәуірінен бастап аяқталсын», – делінген құжатта.
Айта кетейік, алдағы күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа-райы болжанып отыр. Елдің солтүстігінде және орталық аудандарында үсік жүреді деп күтілуде. Алайда әкімдік елордада жылы болады деп сендіріп отыр.
Еске салайық, Шымкент әкімдігі жылыту маусымы 7 сәуірде аяқталғанын хабарлаған еді. Ал, Алматыда жылыту маусымы 10 сәуірде аяқталады.