Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы
Алматыда ер адам полицияны ұрған/фото: polisia.kz

Әлеуметтік желіде Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адамның видеосы тарады. Қала полициясы ұрып-соғу фактісі бойынша прокуратурамен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді.

Нәтижесінде қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам өз кінәсін мойындады.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз