
Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталған Қ. және К. өмір бойына сотталды, деп хабарлайды KursivMedia.
Олар қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау) бойынша кәнілі деп танылды.
Сот барысында сотталушылар Қ. және К. ағасының әйеліне WhatsApp мессенджері арқылы басқа адаммен қарым-қатынасы туралы айтып беретінін жазып, хат жолдаған. Ешкімге тіс жармауы үшін үшін 5 млн теңге талап еткен.
Сондай-ақ сотталушы Қ. ағасы мен жеңгесінің 15 жастағы қызын (2010 жылы туған) 2017 жылдан бері зорлап келген.
Ал сотталушы К. жасөспірімді 2020 жылдан бері зорлаған.
Олар істі қарау барысында ақша бопсалау әрекетін мойындады, алайда жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін мойындамады.
Екі сотталушы да тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі төтенше мекемеде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.