Түркияда жер сілкінісі салдарынан 151 адам жарақат алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ыстанбұл
Ыстанбұлда жер сілкінді/фото: ilkha.com

2025 жылдың 23 сәуірінде Ыстанбұл маңында магнитудасы 6,2 балл жер сілкінісі болды. Haberturk хабарлауынша, салдарынан 151 адам зардап шекті.

«Дүмпу кезінде жоғары қабаттан секірген 151 адам ем қабылдап жатыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қаза тапқандар жоқ. Қала бойынша үйлер қирамаған. Фтих ауданында бос тұрған ғимарат қирады», – деп жазды Haberturk.

Айта кетейік, Анадолы агенттігі бұған дейін жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 12:49-да тіркелгенін жазды. Зілзала эпицентрі Силиври ауданы жағалауындағы Мәрмәр теңізінде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 6,92 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі жақын маңдағы провинцияларда да сезілген.

AFAD сонымен қатар Ыстанбұлда 12:51-де 4,4 балл және 13:02-де 4,9 балдық жерасты дүмпулері тіркелгенін хабарлады.

Қазақстан СІМ Түркиядағы қазақстандықтарды сабырлы болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға, жергілікті билік органдарының нұсқауын мүлтіксіз орындауға шақырды.

Ыстанбұл қаласындағы Қазақстан Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз