Аймағамбетов магистратураға түсу үшін ағылшын емтиханын алып тастауды ұсынды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жеңілдетуді ұсынды
Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жеңілдетуді ұсынды/Фото: Асқар Ахметуллин

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсуде тапсыратын ағылшын тілі емтихандарына байланысты өзгеріс енгізуді ұсынды.

Депутат ғылыммен айналысу үшін ағылшын тілін білу маңызды екенін атап өтті. Деген мен ол бүгінде жасанды интеллект көмегімен кез келген ағылшын мәтінін санаулы секундта сапалы түрде аударуға болатынына назар аударды..

«Иә, ағылшын тілі ғылым үшін әлі де қажет. Қажет болады да. Бірақ қазіргі технологиялардың арқасында бұл талап магистратураға түсуге кедергі болмауы тиіс. Өйткені енді осы технологиялармен, жастар ғылыми жұмысын бастай алады.  Оның үстіне, шыны керек, айтылған талап студенттердің тілдік деңгейін айтарлықтай көтере алған жоқ. Ең қиыны – қазақ әдебиеті мен өнерін зерттегісі келетін жастар ағылшын емтиханынан өте алмағаны үшін магистратура мен докторантураға түсе алмай жүр» – деді депутат үкімет басщысына жолдағңан сауалында.

Не істемек керек

Депутат ағылшын тілін қолдай отырып, талаптарды өзгерту керек деп санайды Ол ағылшын тілін мектептен бастап сапалы түрде оқытуды күшейту қажеттігін айтып, оны ЖОО-да да жалғыстыру қажеттігін атап өтті.

«Оқыту тілі қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бағыттарда ағылшын тілінен емтиханды түсу кезінде емес, оқу аяқталған соң тапсыруды қарастырған жөн. Сол кезеңге дейін ағылшын тілін бакаларвриат, магистратура мен докторантураның оқу бағдарламасына кіргізіп, тереңдетіп оқытқан дұрыс. Сонда нақты нәтиже болады» – дейді депутат.

Ал ағылшын тілінде оқытатын немесе қосдипломды бағдарламалар мен филиалдар үшін бұл талапты керісінше күшейту керектігіне жеткізген.

Депутат сонымен қатар Scopus пен Web of Science базаларында мақала жариялау талабын да мамандықтың ерекшелігіне қарай қарастыруды ұсынды.

«Мысалы, қазақ филологиясы, музыка сияқты салаларда балама жолдар ұсынылуы тиіс. Бұл – университеттің өз құзырында шешілетін мәселе болуы керек. Бастысы – диссертацияның сапасы мен ғылыми ортаға қосқан нақты үлесі маңызды» дейді ол.

Бұған дейін, «Болашақ» стипендиясының үміткерлерін іріктеу қағидалары өзгерген.

Сондай-ақ оқыңыз