Ыстанбұлда қуаты 6,2 балды құраған жер сілкінісі болды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Ыстанбұлда қуаты 6,2 балды құраған жер сілкінісі болды
Ыстанбұлда қуаты 6,2 балды құраған жер сілкінісі болды/Фото: Анадолы агенттігі

Түркия үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) Ыстанбұлда магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады.

Анадолы агенттігінің дерегінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 12:49-да тіркелген. Зілзала эпицентрі Силиври ауданы жағалауындағы Мәрмәр теңізінде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 6,92 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі жақын маңдағы провинцияларда да сезілген.

AFAD сонымен қатар Ыстанбұлда 12:51-де 4,4 балл және 13:02-де 4,9 балдық жерасты дүмпулері тіркелгенін хабарлады.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, жер сілкінісіне байланысты жағдайды тексеру үшін AFAD және басқа да тиісті мекемелердің топтары оқиға орнына жіберілген.

Жергілікті биліктің мәліметінше, құрбандар, зардап шеккендер немесе қирау туралы ақпарат түспеген.

Бұған дейін, Қазақстан сейсмологтары Қытайдағы қуатты жер сілкінісі туралы зерттеуге жауап берген.

Сондай-ақ оқыңыз