Банктерде қарапайым борышкердің құқығы мен мүддесін қорғайтын бөлім ашылуы мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Банктерде кленттердің құқығын қорғайтын бөлімшелер ашылуы мүмкін/ Фото: shutterstock.com

Банктерде алдағы уақытта жеке тұлға клиенттерінің құқығын қорғайтын бөлім ашылуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банк бөлімшелеріндегі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына осындай талап енгізбек.

Агенттіктің «Ашық НҚА» порталында орналастырылған қаулы жобасында 2019 жылы қабылданған қағидаға негізгі үш түзету енгізілетіні жазылған:

  • жеке тұлғаның несие төлеу қабілетін бағалайтын кезде тәуекел деңгейі жоғары қарыз алушы ретінде жіктейтін нақты өлшемшарттарды белгілеу;
  • жеке тұлғалардың берешегін реттеу барысында қабылданатын шешімдер ішкі тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;
  • жеке тұлға-клиенттерінің құқығы мен мүддесін қорғайтын бөлімше құру.

Алайда құжаттың толық мәтіні «Ашық НҚА» порталында да, агенттік сайтында да жарияланбаған.

Бұл ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк бірлесіп Қазақстанда банктер және банк туралы жаңа заң жобасын дайындаған. Құжат жеті негізгі бағыттан тұрады. Солардың бірі – халыққа қызмет көрсететін қаржы ұйымдарына талапты күшейту.

Сондай-ақ оқыңыз