Қазақстанда мұнай өндіретін британдық компания табысын арттырды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Nostrum обретет контроль над новыми месторождениями
Nostrum Oil & Gas PLC компаниясы қанша табыс тапты / Фото: kursiv.media

«Жайықмұнай» компаниясының негізі иесі – Nostrum Oil & Gas PLC компаниясы 2024 жылы 137,1 млн доллар табыс тапқан. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 14,6%-ға артық. Былтыр мұнай бағасының арзауы да табыстың артуына кедергі болмаған.

Ұлыбританияда тіркелген компанияның 2024 жылға арналған қаржы есебіне сәйкес, салық салынғанға дейінгі пайдасы (EBITDA) 16,2 пайызға артқан.

Операциялық қызметтен түскен таза ақша ағыны 2024 жылы 33,1 млн долларды құрап, «Чинаревское» кен орнындағы бұрғылау мен «Дала барысы» кен орынын бағалау жобасының басым бөлігін қаржыландыруға мүмкіндік берген.

Алайда, компанияның таза қарызы 2023 жылғы 293,5 млн доллардан 2024 жылы 404,2 млн долларға дейін жеткен. Оған себеп – капиталдандырылған пайыз мен әділ құнды қайта бағалау шығындарымен байланысты.

Nostrum Oil & Gas бас директоры Арфан Хан 2024 жыл нәтижесін қорытындылай отырып:

«2024 және 2025 жылдың басында біз өндірісті арттыру, инфрақұрылымды пайдалану мен қаржылық тұрақтылық бойынша маңызды жетістіктерге жеттік. Ural O&G серіктесімен шикі газ жеткізілімі артты, «Чинаревскоедегі» шектеулі бұрғылау бағдарламасы нәтижесін берді, сондай-ақ газлифт жүйесін кеңейту жобасы жемісті болды», – деді.

2024 жылы компанияның бір тәулікте өндіретін мұнай көлемі 48%-ға өсіп, 14 935 баррель мұнай эквивалентін (boepd) құрады. Конденсатты өңдеу көлемі 94%-ға артып, 19 831 boepd деңгейіне жетті.

Nostrum Oil & Gas PLC — Ұлыбританияда тіркелген компания болғанымен, бүкіл өндірістік активтері Қазақстанда орналасқан.  Негізгі акционерлері – Ұлыбританияда тіркелген ICU Holdings Limited, EMOV Caspin Holdings Limited және Amundi.

Негізгі кен орны — «Чинаревское». Бұл кен орнын «ЖайықМұнай» компаниясы игеріп жатыр. Компанияға жер пайдалану құқығы 100 пайыз тиесілі.

Nostrum Oil & Gas 2024 жылы Қазақстандағы мұнай мен газ қорын 6 еседей арттырған.

Сондай-ақ оқыңыз