Lifestyle

Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алғанын айтты

Аида Балаева: «Қазақфильмге» тиесілі жерлер сатылған жоқ
Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алды / фото: архив kursiv

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанада өтетін америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алғанын мәлімдеді.

Бұл концертті көзбе-көз тамашалауды жоспарлап отырмыз. Мен билет сатып алдым. Балаларыммен бірге бармақпын, – деді министр.

Министрдің пікірінше, мұндай ауқымды концерттер елге пайда әкеледі.

«Осындай концерттер жиірек өткізілсе деген тілек бар. Кейбір азаматтар «инвестицияны қалай тартуға болады» деп наразы болатынын түсінемін. Бірақ, шын мәнінде, осындай әртістердің жанкүйерлері елге келіп, қонақүйлерде тоқтайды, мейрамханаларға барады, мәдени орындарды аралайды», – деді Балаева.

Айта кетейік, Дженнифер Лопес Астанадағы концертін 1 тамыз күні өткізеді. Билеттер 11 сәуірден бастап сатылымға шығып бірнеше сағатта толықтай сатылып кеткен. Билет құны 40 мыңнан 150 мың теңгеге дейін, ал сахна маңындағы орындар 180 мың теңгеге бағаланған.