23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні

Жарияланды 23 Сәуір 2025 09:35

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні мен авторлық құқық қорғау күні / фото: shutterstock

23 сәуір – 1995 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні ретінде белгіленді. Мақсат – кітап оқуды насихаттау, білім мен шығармашылық еңбекті құрметтеу, сондай-ақ авторлардың құқықтарын қорғауға қоғам назарын аудару.

Неліктен 23 сәуір?

Бұл күннің таңдалуы тегін емес. 1616 жылы дәл осы күні әлем әдебиетінің алыптары – Уильям Шекспир, Мигель де Сервантес және Инка Гарсиласо де ла Вега дүниеден өтті. Әдебиеттің тағдырына терең әсер еткен бұл тұлғалар адамзат тарихында өшпес із қалдырды. Сондықтан бұл күн кітап пен сөз өнеріне деген құрметтің символына айналды.

Қазақстандағы аталып өтілуі

2024 жылы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда президент Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген. Соған сәйкес, 23 сәуір Қазақстанда Ұлттық кітап күні болып белгіленді.

Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.

Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.

Авторлық құқық – шығармашылық еңбекті қорғау

Дүниежүзілік кітап күнінің маңызды бір бағыты – авторлық құқықты сақтау. Бұл – жазушы, ақын, суретші, музыкант секілді шығармашылық тұлғалардың еңбегін заң жүзінде қорғау. Қазіргі цифрлық заманда авторлық құқықтың бұзылуы жиілеген шақта, бұл мәселе бұрынғыдан да өзекті.

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкер, визионер Илон Масктің сүйікті алты кітабы туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз