Қырғызстандықтарды ресейлік әскерге тартқан азаматтар қамауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шымкентте компания басшысы 3 жылға сотталды
ресейлік армияға жалдамалыларды тартқан азаматтар қамауға алынды / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қырғызстанда жалдамалыларды Ресей армиясына тарту ісі бойынша Ош қаласындағы «Русский дом» қызметкері Наталья Секерина және тағы үш адам қамауға алынды. Бұл туралы 24kg хабарлады.

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) бұл қылмыстық істің аясында тағы бір күдіктіні ұстағанын мәлімдеді. Аталған адам – Оштағы «Русский дом» қызметкері Наталья Секерина екені нақтыланды.

Бішкектегі Первомай аудандық сотының шешімімен С.Н.В. деген азаматша 19 сәуірде қамауға алынып, 17 маусымға дейін тергеу изоляторында болады. Істі Қырғызстан ҰҚМК-ның Бас тергеу басқармасы тергеп жатыр.

Секеринаға Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 416-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылды. Бұл бап – «Басқа мемлекеттердегі қарулы қақтығыстарға немесе мемлекеттік билікті күштеп құлатуға қатысу мақсатында жалдамалыларды тарту, қаржыландыру, материалдық жағынан қамтамасыз ету немесе оқыту» әрекеттерін қамтиды.

Жалпы алғанда, бұл іс бойынша төрт адам ұсталды. Олардың қатарында Ош қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің қызметкері Сергей Лапушкин де бар. Оған жалдамалыларды ұйымдастырып, оқытты деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз