ЕуроОдақ Apple-ға 500 млн доллар, Meta-ға 200 млн доллар айыппұл салды

ЕуроОдақ Apple мен Meta корпорацияларына үлкен айыппұлдар салды. Техноалпауыттар жарнамаға қатысты жаңа цифрлық ережелерді бұзған деп тапқан. Бұл туралы Politico басылымы хабарлайды.
Еуропалық комиссия «Цифрлық нарықтар туралы акт» заңы аясында айыппұл салды. Бұл заң 2024 жылы күшіне енген. Apple компаниясы қосымша дүкендерге қатысты ережелерді бұзғаны үшін 500 млн еуро төлеуге міндеттелді.
Ал Meta компаниясы «төле немесе келіс» атты жарнама үлгісі үшін 200 млн еуро айыппұл алды. Бұл модель қолданушылардан жарнамасыз қызметтерді пайдалану үшін ақы төлеуді талап етеді.
23 сәуір, сәрсенбіде Еурокомиссия технологиялық корпорацияларға қатысты бірқатар шешім қабылдады. Meta компаниясының Facebook Marketplace қызметіне қатысты реттеу күші жойылды. Ал Apple компаниясына баламалы қосымша дүкендерімен жұмысына байланысты алдын ала айыптаулар жариялады. Бұл болашақта жаңа айыппұлдарға әкелуі мүмкін.
Еурокомиссияның Apple мен Meta компанияларына айыппұл салуына АҚШ пен ЕО арасындағы технологиялық сауда соғысы күшеюуі себеп болған. Еуроодақ америкалық ірі технологиялық компанияларға қарсы жауап шараларын енгізуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін АҚШ Федералды соты Google-ді онлайн-жарнама нарығында монополия орнатқаны үшін айыпты деп тапты. Енді Әділет министрлігі компанияны Chrome мен Google Ad Manager платформасын сатуға мәжбүрлеуі мүмкін.