Шетелдік инвестор Ақтаудағы газ учаскелеріне қызығып отыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Gas Solution Самтыр учаскелеріне қызығып отыр / Фото: ашық дерек

Қазақстан газ саласында геологиялық барлау жұмыстарын белсенді дамып жатыр. «QazaqGaz» бірақатар инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов үкімет отырысында.

Қазір ведомство үшін негізгі басымдық – көмірсутек барланған қорларының көлемін ұлғайту. Осының аясында «QazaqGaz» ұлттық компаниясы 15 жер қойнауы учаскесі бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қазір «Аққұдық» және «Шалқар» учаскелерінде «ҚОР» мұнай компаниясы, КТ-III учаскесінде Chevron компаниясы, Северный-2 учаскесінде «ҚазАзот» ЖШС геологиялық барлау жүргізу бойынша келісімге келген. Ал «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-мен Северный-1 аумақтарын өңдейтін компаниялармен әлі келіссөздер жүріп жатыр.

Шетелдік Gas Solution компаниясы Ақтау өңіріндегі «Самтыр Солтүстік» және «Самтыр Оңтүстік» учаскелеріне қызығушылық танытып отыр. Алдын ала бағалау бойынша, аталған жобалардағы газ қоры шамамен 535,5 млрд текше метрді құрайды. Жиынтық құны – 200 млрд. теңге.

Сондай-ақ оқыңыз