Жаңалықтар

OpenAI компаниясы Chrome браузерін сатып алғысы келеді

ChatGPT қожайыны әлемге танымал браузерді сатып алғысы келеді / фото: REUTERS/Kim Kyung-Hoon

OpenAI компаниясы Google-ден Chrome веб-браузерін сатып алғысы келетінін мәлімдеді. АҚШ әділет министрлігі Google-ден браузерді сатуды талап етіп жатыр.

Компания Chrome браузерін саудаға шығарған жоқ. Google монополияға қарсы күрес туралы шешімнің үстінен арыздануды көздеп отыр.

ChatGPT өнімінің жетекшісі Ник Терли Вашингтондағы сотқа қатысып, Google-ге қарсы куәлік етті. Үкімет куәгері болған Терлидің айтуынша, Google басшылығы OpenAI-дың іздеу технологияларын ChatGPT-ге қолдануға рұқсат бермеген.

«Қазір біз Google-ге әріптес емеспіз», — деп мәлімдеді Терли.

Топ-менеджер әділет министрлігінің Google-ге қысым жасауын құптайды. Терлидің пікірінше, оның іздеу жүйесі ChatGPT-ді дамытуға ықпал етер еді. Себебі ChatGPT көп жылдан бері өтініштердің 80%-ына жауап беру үшін өзінің іздеу технологиясын пайдалана алмай жүр деп жазды Reuters.

АҚШ-тың федералдық сотында нарықтағы бәсекелестікті қалпына келтіру үшін Google-ға қарсы шараларды бекіту бойынша тыңдаулар өтіп жатыр. Әділет министрлігі техноалпауыттан Chrome браузерін сатуды, сонымен бірге смартфондарда бастапқы іздеу жүйесі болу туралы келісімдерді бұзуды талап етіп отыр.

Google өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, ұсынылған шараларды «бәсекелестердің қиялы» деп атады.