Саяси астары жоқ – Берденовке жасалған шабуыл себебін Қожаназаров түсіндірді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Саяси астар жоқ – Берденовке жасалған шабуыл себебін Қожаназаров түсіндірді/Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

Мәжілісмен Айдарбек Қожаназаров экс-депутат Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.  Депутат бұл жағдайдан саяси астар іздемейді, оны жеке бастың мәселесі деп баға берді.

Respublica партиясының төрағасы Берденовтің жағдайы әлі де мәз еместігін айтады.

«Жақсы деп айтуға да болмайды, үлкен жарақат алды. Өздеріңіз білетіндей үш рет оқ атылды, ондай жарақаттан аман-сау қалу өте қиын. Өз-өзіне келу біраз уақыт алады. Өзім де қатты уайымдап қалдым. Мен ойлаймын ешқандай саяси астары жоқ,  бұл жеке бас мәселесі»,- деді  Қожаназаров Мәжіліс кулуарында.

Депутат Берденовке жасалған шабуылға қатысты қоғамда  айтылып жатқан түрлі нұсқалардың ешқайсысына сенбейтінін атап  өтті.

«Екі нұсқаға да сенбеймін. Менің ойымша, бұл қарапайым тұрмыстық қылмыс. Ол әлі куәлік бере алмайды. Бұл мәселені тергеу жүргізіп жатқан органдарға қалдырған жөн», – деді ол.

Берденов не деді?

 Айдарбек Қожаназаров  партияласының  мақтауын да асырды. Хәл үстінде жатса да, жұмысқа шығуға құлшылынысы зор екенін айтады.

Бір өлімнен аман қалып отыр, осыған шүкір деу керек. Берденов сияқты азамат, мыңнан бір адам. Руслан мырзаны сипаттайтын бір дүние айтайын: «Кеше ғана нархоздың астында отырған адам жұмысқа бару керек деген әңгіме айтып жатыр»,- деп мәлімдеді депутат.

Еске сала кетейік, 21 сәуір күні Шымкент қаласының әкімдігі алдында Руслан Берденовке оқ атылды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Әлеуметтік желілер мен бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында шенеунікке тағылған «әйелге қырындағаны» туралы болжам тарады. Алайда бұл ақпаратты Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасының басшысы Айгерім Жұмақұлова жоққа шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз