Астанада тұрғын үй ауласында 6 жастағы бала қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
астана
Астанада бала қайтыс болды/Фото: shutterstock

Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында 6 жастағы баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды KursivMedia.

«Алдын ала дерек бойынша Dongfeng маркалы автокөліктің 38 жастағы жүргізушісі әл-Фараби көшесіндегі аула аумағында маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедтегі алты жастағы баланы қағып кеткен», – деп хабарлады Астана полициясы.

Бала ауруханаға жеткізілді, ол алған жарақатынан қаза тапты.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ тұрғын үй аумағында аса мұқият болуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз