GGG бұрын сотты болған экс-шенеунікті өзіне орынбасар етті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сәкен Мұсайбеков Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры болды
Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ҰОК вице-президенті болды/Фото: primeminister.kz

2021 жылы істі болған бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) вице-президенті болып тағайындалды.

2025 жылдың 23 сәуірінде Ұлттық олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясында атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы бекітілді.

«Сәкен Мұсайбеков – қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президенті, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры», – делінген ресми ақпаратта.

фото
ҰОК Атқарушы комитетінің жаңа құрамы бекітілді/фото: olympic.kz

Еске сала кетейік, алаяқтық жасады деп айыпталған Сәкен Мұсайбековеке қатысты үкім 2021 жылы Алматының Түрксіб аудандық сотында шықты. Оның 15 мың доллар көлемінде пара алғаны анықталды.

Мұсайбеков Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 62 миллион 394 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот үкім шығарған кезде айыпталушының кінәсін мойындағанын және жас баласының бар екені жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілген.

Сәкен Мұсайбеков 2020-2021 жылдары вице-министр болды. Оған дейін 2019 жылдың ақпанынан бастап ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы болған. 2015 жылдан 2019 жылға дейін мәдениет және спорт вице-министрі болды.

Сондай-ақ оқыңыз