Елге келіп жатқан қандастардың дені жастар мен орта жастағылар

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Елге келіп жатқан қандастардың дені жастар мен орта жастағылар
Елге келіп жатқан қандастардың дені жастар мен орта жастағылар/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылы 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,1%) Қытайдан, 39,5% – Өзбекстаннан, 5,8% – Түрікменстаннан, 2,5% – Монғолиядан, 1,9% – Ресейден және 2,2% басқа елдерден.

Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,1%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 27,8%-ы орта кәсіби білімді, 52,9%-ы жалпы орта білімді, және 1,4% білім жоқ.

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 642 қандас қоныс аударған.

Бұған дейін, 2024 жылы Қазақстан азаматтығын алған қандастар саны күрт азайғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз