Қыздарын Сирияға тұрмысқа бермек болған: терроризмді насихаттаған келіншек сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Терроризмді насихаттаған келіншек сотталды
Терроризмді насихаттаған келіншек сотталды/REUTERS

Астана прокуратурасы елорда тұрғыны терроризмді насихаттады деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.

Прокуратураның мәліметінше, ол Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологиялар таратып, Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттер дайындаған.

Сотталушы Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшқалы тұрғанында ұсталған.

Айыпталушы Telegram топтық чатында діни себептерға байланысты қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталған.

«Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлелдемелерді ұсына отырып, кінәлінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризімді насихаттау және террористтік топтың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді. Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Астана қаласы прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын, терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.

Былтыр елорда тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 26 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ оқыңыз