Миллиардер Айдын Рақымбаевтың компаниясы Өзбекстанда еншілес фирма ашты

Миллиардер Айдын Рахымбаевқа тиесілі BI Development Ltd. компаниясы Өзбекстанда еншілес фирма ашты. Property tech деп аталатын серіктестіктің негізгі қызмет бағыты – ақпараттық технологиялар саласы. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы сайтында орналастырылған хабарламада жазылған.
Компанияның жарғылық капиталы 10 000 долларды немесе 30 млн сомды құрап, Өзбекстанның мемлекеттік қызметтер орталығында тіркелген. Серіктестік директоры болып Дамиржан Махамбетов тағайындалды.
BI Development Ltd компаниясының негізі акционері – «BI Group» Ltd жеке компаниясы. Ал BI Group компаниясының түпкі иесі – Айдын Рақымбаев. Компания 2024 жылға дейін «Residence Development Group» Ltd. деп аталған. Ол тұрғын үй салу және сатумен айналысады.
Ал Өзбекстанда құрып жатқан компаниясы бағдарламалық құралдарды шығарумен айналыспақ.
2024 жылдың 9 айындағы қаржы есебіне сәйкес, BI Development Ltd осы кезеңде 45,5 млрд теңге таза пайда тапқан. Ал Forbes мәліметі бойынша, Рахымбаевтың байлығы 886 млн долларды құрайды