Олигархтардан қайтқан зергерлік бұйымдар 5,5 млн теңгеге сатылды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: e-qazyna.kz, бильд-редактор: Милош Муратовский

E-Qazyna электрондық сауда алаңында қайтарылған активтер: CARTIER LOVE білезігі мен сақинасы, зүбаржат, аквамарин және гауһар тастарымен безендірілген зергерлік бұйымдар сатылды. Сатылымнан жалпы 5 425 246 теңге түскен.

Фото: e-qazyna.kz

Сауда-саттық 23 сәуірде өткен. Соның ішінде 750 сынамалы CARTIER LOVE білезігі мен жүзігі 3 млн теңгеге бағаланып, сауда-саттықта 2,6 млн теңгеге өткен. Білезіктің салмағы 50 грамға жақындаса, бриллиант жүзіктің салмағы 10 грамнан асады. Бұл зергерлік бұйым білезігінің нарықтық бағасы 5 млн теңгеден жоғары, ал жүзіктің құны 2,6 млн теңгеге жетеді.

Ал аквамарин тасы бар жүзік 1,9 млн теңгеге бағаланғанымен, 1,6 млн теңгеге сатылған. Жалпы салмағы 11 грамды құрайтын жүзіктің 5,6 карат бриллианты мен 12 карат аквамарин тасы бар.

Фото: e-qazyna.kz

Гаухар мен зүбаржат тастармен әрленген сырға саудада 612 мың теңгеге сатылған. Негізі мамандар бұл зергерлік бұйымды 720 мың теңгеге бағалаған.

Фото: e-qazyna.kz

Түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

Былтыр Астанада олигархтардан қайтқан зәулім сарай 473 млн теңгеге сатылды. Сонымен қатар Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген зәулім сарайды үш рет сатылымға шығарды. Алайда оны сатып алушы табылмай тұр.

Сондай-ақ оқыңыз