Блогер Мұрат Әбділдә қайта қамауға алынды

Жарияланды 24 Сәуір 2025 14:42

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Мұрат Әбділдә қайта қамауға алынды / фото: shutterstock

Түркістан облысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған блогер Мұрат Әбділдә қайтадан түрмеге қамалды. Бұл шешім Түркістан қаласының ауданаралық сотында қабылданды.

Сот процесінің мән-жайы

Мұрат Әбділдә 2022 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен – «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша сотталған. Кейін мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан еді.

Алайда Сауран аудандық полиция бөлімі блогердің тәртіп бұзғанын алға тартып, шартты түрде босатудың күшін жоюды сұраған. Полиция блогердің жазаның қалған бөлігін толық өтеуін талап етті.

Сот қаулысы

Сот ұсынымды қанағаттандырып, Мұрат Әбділдәның шартты түрде босатылуын жарамсыз деп таныды. Енді ол жазаның өтелмеген бөлігін — 2 жыл 11 күнді қайтадан бас бостандығынан айыру түрінде өтейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мұрат Әбділдә 2022 жылғы 31 наурызда әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтып, қоғамда алауыздық туғызатын сипаттағы пікір білдіргені үшін Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз