Nissan компаниясы тарихындағы ең ірі шығынға тап болмақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Nissan Rogue
Nissan компаниясы тарихындағы ең ірі шығынға тап болмақ / фото: reuters

Жапониялық автоөндіруші Nissan Motor Co. 31 наурызда аяқталған қаржы жылына арналған қаржылық болжамын қайта қарап, 750 млрд теңгеге дейін (шамамен 5,3 млрд) таза шығын шегуі мүмкін екенін хабарлады. Бұл – компания тарихындағы ең үлкен қаржылық шығын болуы мүмкін.

Алдыңғы, ақпанда жарияланған болжамда Nissаn-ның шығыны 80 млрд иен болады делінген. Сарапшылар болса орташа есеппен 112 млрд иен көлемінде шығын күткен.

Nissan компаниясының 2025 қаржы жылына қатысты ресми есебі 13 мамырда жарияланады. Соңғы болжамда Nissan акциялары 0,6%-ға қымбаттады, бірақ жыл басынан бері компанияның нарықтық құны 31%-ға азайған.

Компания мұндай үлкен шығынды қайта құрылымдауға кеткен шығындармен байланыстырып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз