1 млн теңге пара алған ақтөбелік шенеунік 35 млн теңге айыппұл төлейді

Ақтөбе облысында Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы 1 млн теңге алғаны үшін сотқа тартылды. Оған қатысты сот үкімі шықққанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақтөбе қаласының № 2 соты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Шағалбаевқа және оның орынбасары Н.Досжановқа қатысты үкім шығарды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Агенттік мәліметінше, 2025 жылдың 28 қаңтарында департамент басшысының міндетін атқаруш орынбасарымен бірлесіп, дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін жүзеге асыруға қажетті лицензия бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 1 млн теңге көлемінде пара алған.
Сот шешімімен лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Сонымен бірге пара берген кәсіпкер де сотқа тартылған. Сот аолардың барлығын да мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырған. Сонымен бірге 20-млн теңгеден 35 млн теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл тағайындаған.
Айта кетейік, 21 сәуір күні Ақтау қалалық сотының төрағасы 18 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін 9 жылға сотталғаны хабарланған еді.