Жапонияның экономика министрі тарифтер бойынша келісу үшін АҚШ-қа барады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Жапония экономика министрі Ресэй Аказава / Фото:  REUTERS, Issei Kato

Жапонияның экономика министрі Рёсэй Аказава тариф бойынша келіссөздер жүргізу үшін АҚШ-қа барады. Халықаралық сапары сәуірдің 30-ы мен 2-мамыр аралығында өтеді деп жазады Reuters.

Басылымның мәліметінше, АҚШ тарапымен келісімге келсе, келіссөздер Жапония уақытымен 1 мамырда өтуі мүмкін.

Осы айдың басында Аказава Вашингтонда өткен келіссөздердің алғашқы кезеңінде жапон автомобильдері мен болатқа салынған тарифтердің күшін жоюды сұрады. Бірақ Трамп әкімшілігі Жапонияға ғана арнайы режим беру мүмкін еместігін мәлімдегенін хабарлады.

АҚШ Жапониядан келетін втомобильдерге баж салығын 25%-ға, кейбір болат өнімдеріне тарифті 24% дейін көтерген еді. Бұл шаралар Жапонияның өндірістік секторына айтарлықтай кері әсерін тигізеді дейді сарапшылар.

АҚШ тарифтерді көтергеннен кейін бірқатар елдер Ақ үймен келіссөздер жасауға ұмтылған. Оның арасында Қазақстан да бар. Бірақ АҚШ-тың ең үлкен сауда қарсыласы Қытай келіссөзге келуге ұмтылғандар ескерту жасады. Бейжің Қытай есебінен пайда көру мақсатында келісім-шартқа отырған кез келген тарапқа қарсы шара қолданады деп ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз