Ұлттық кітап күні республикалық байқау жеңімпаздары анықталды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ұлттық кітап байқауы жеңімпазына бес млн теңге тапсырылды / фото: egov

23 сәуір – Ұлттық кітап күні Астана қаласында салтанатты жиын ұйымдастырылып, байқау жеңімпаздары анықталды. «Жыл кітабы» деп Гаухар Саймасаеваның «Қазақстан тарихи тұлғалары» сериясы танылды. Басқа да номиналиялар бойынша жеңімпаздар арасында президенттің әкесінің кітабы да бар.

Байқауға кейінгі екі жылда жарық көрген отандық авторлардың туындылары ұсынылды. Оған 120-дан аса өтініш түскен. Гран-При иегеріне 5 млн теңге табысталса, қалған 9 номинация жеңімпаздары да ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Олар:

«Балаларға арналған үздік кітап» – Тау құсы – Елдос Тоқтарбай

«Үздік комикс» – «KHAN COMICS» баспасы

«Нон-фикшн бағытындағы үздік кітап» – «Қаныш және ғылыми майдан» – Бағдат Құдияров

«Детектив жанрындағы үздік кітап» – Кемел Тоқаев. «Түнде атылған оқ» – Фарида Тобашалова

«Сатира жанрындағы үздік кітап» – О. Аубакиров. «Волшебник» – Кенжеғазы Кенебаев

«Үздік иллюстрациялық кітап» – Титенев В. З. «Абай даналығы» – Наталья Яковлева

«Үздік аударма кітабы» – Ғажайып 8 POP-UP топтамасы – Динара Сұлтан

«Фантастика жанрындағы үздік кітап» – «Скандар мен сыңармүйіз ұрлаушы» – Раиса Сайран Қадыр

«Үздік баспа» – Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы.

Іс-шара барысында сирек кітаптар мен қолжазбалар, Жеңістің 80 жылдығына арналған әдебиеттер, сонымен бірге 2024 жылы мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген 200-ге жуық кітап пен суреттер көрмесі ұсынылды.

Ұлттық кітап күніне орай 16–23 сәуір аралығында республика бойынша 300-ден астам тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған челлендж өтті. Оған алғашқылардың бірі болып ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз