Президент көмекшісі Қанат Шарлапаев тағы бір қызметке тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қанат Шарлапаев қандай қызметке тағайындалды/ Фото: primeminister.kz

Президент көмекшісі Қанат Шарлапаев тағы бір қызметке тағайындалды. Ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің құрамына енді. Қазақстан қор биржасындағы хабарламаға сәйкес, холдингтің директорлар кеңесі 10 адамнан тұрады.

«Бәйтеректің» директорлар кеңесінде Шарлапаевтан бөлек, Премьер-министр Олжас Бектенов, вице-премьер Роман Скляр, вице-премьер және Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы министрі Мәди Такиев,  Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нақаспаев, холдингтің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин бар.

Сонымен қатар холдинг кеңесінің құрамына Дэниел А. Витт, Мэри-Элен Берар, Манфред Грундке енген.

Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып жүрген жерінен 28 ақпанда қызметінен босатылып, Президент көмекшісі болып тағайындалған.

Сәуірдің ортасында «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі құрамына кірді.

Сондай-ақ оқыңыз