Алаяқтар ЖИ арқылы Димаштың бейнесін жарнамаларда қолданып жүр

Жарияланды 25 Сәуір 2025 14:25

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш Құдайберген Дубайда халықаралық премияға ие болды
Алаяқтар ЖИ арқылы Димаштың бейнесін қолданып жатыр / Фото: Instagram, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Әлеуметтік желілерде Димаш Құдайбергеннің атынан жасалған жалған видеолар тарап жатыр. Алаяқтар жасанды интеллект (ЖИ) технологиясын пайдаланып, әншінің дауысын және бет әлпетін қолданып отыр. Алаяқтар Димашты ақша табуға арналған қосымшаларды жарнамалап жатқандай етіп көрсеткен.

Әншінің әкесі Қанат Айтбаев бұл видеолардың жалған екенін ресми түрде мәлімдеді. Оның айтуынша, Димаштың бұл бейнежазбаларға ешқандай қатысы жоқ.

Қанат Айтбаев барша халықты сақ болуға шақырып, күдікті сілтемелерге кірмеуді және жалған ақпаратқа сенбеуді сұрады.

Еске сала кетейік, 26 мамыр күні Димаш Құдайберген 26 мамыр күні Алматыда фан кездесуін өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыз