Олимпиада жүлдегерлеріне сегіз айдан кейін мемлекеттік сыйақы төленді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Олимпиада жүлдегерлеріне сегіз айдан кейін мемлекеттік сыйақы төленді / фото: olympic.kz

Қазақстан үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы қаулы қабылдады. Қаулы аясында спортшылар мен олардың бапкерлеріне үкімет резервінен қаржылай сыйақы бағытталды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жалпы саны 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы қаржылай марапатқа ие болады.

Жүлде қоры төмендегідей бөлінген:

  • 1-орын үшін – 250 000 АҚШ доллары,
  • 2-орын – 150 000 АҚШ доллары,
  • 3-орын – 75 000 АҚШ доллары,
  • 4-орын – 30 000 АҚШ доллары,
  • 5-орын – 10 000 АҚШ доллары,
  • 6-орын – 5 000 АҚШ доллары.

Сондай-ақ әрбір жүлдегердің бас, жеке және алғашқы бапкері де қаржылай марапатталады.

Бұдан бөлек олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне жергілікті әкімдіктер тарапынан қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті тұрғын үй қорынан тегін пәгін пәтерлер мен көліктер сыйлаған еді.

Еске сала кетейік, 2024 жылы тамыз айында Парижде өткен олимпиада ойындарында ел қоржынына жалғыз алтынды дзюдошы Елдос Сметов (60 келі салмақ) алып келді.

Күміс жүлде иегерлері: Спорттық гимнастикадан – Нариман Құрбанов, Грек-рим күресінен – Демеу Жадыраев (77 келі), Бокстан – Нұрбек Оралбай (80 келі)

Қола медаль иегерлері: Қыздар боксы – Назым Қызайбай, Нысана көздеуден аралас командалық жарыс – Александра Ле мен Ислам Сәтпаев, Дзюдодан – Ғұсман Қырғызбаев (66 келі).

Сондай-ақ оқыңыз