Kia Sportage қуатты гибридті жүйеге ие болды

Жарияланды 25 Сәуір 2025 16:16

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Kia Sportage қуатты гибридті жүйеcі бар көлік үнемді санатта/. kia.md, бильд-редактор: Дастан Шанай
Kia Sportage қуатты гибридті жүйеcі бар көлік үнемді санатта/. kia.md, бильд-редактор: Дастан Шанай

Kia Sportage қуатты гибридті жүйеге ие болды. Биыл шыққан Kia Sportage көліктері газбен жүйріктей жүйітки алады.

Гибридті жүйесі күшейтілген бұл көліктің басты артықшылығы – жүріс сапасында. Десе де, маневр жасауға ептілігіне қатысты сын айтушылар аз емес.  

Шуылы аз көлік

USnews ақпаратына қарағанда, гибридті Kia қозғалтқыштың шуылын баса алады. Демек, бұл – көлік дыбысы білінбей қозғалады деген сөз. Бұл жолаушыларға қосымша жайлылық береді.

Kia Sportage Hybrid 2025-тің гибрид нұсқасының ерекшелігі сол,  қуатты жүйесі бар. Үнемді көлік санаттарының қатарынан ойып тұрып орын алады. Автокөліктің жүрісі керемет. Алайда маневр жасау қабілеті орташа деген баға алып отыр.

Артықшылықтары

Kia Sportage Hybrid қала көшелеріндегі ең тартымды көліктердің бірі болары анық. Әдемілігімен қатар, шанағы да сапалы. Интерьері де көз тартады. Іші қарапайым көрінсе де, сапалы материалдардан жасалған. Бояулары көптің көңілінен шығып отыр. Әсіресе, металлик түстілері. Өйткені, дәл осы түс тозуға қарсы жақсы төтеп береді.

Kia Sportage қуатты гибридті жүйесі бар көлігі түрлі жабдықтары бар. Комплектациясына климат-бақылау, көліктің артқы жағын көрсететін камера, круиз-бақылау бар. Орындық пен рөлді жылытатын жүйесі де қарастырылған.  

Жүк салғыш кең. Көп нәрсе сыйып кететіндей орны бар.

Кемшіліктері

Kia Sportage Hybrid-тің әлсіз тұсы – жүріс бөлігі мен тежегіштері. Аяқ астынан істен шығып жатса, таң қалудың реті жоқ. Амортизатор мен дөңгелектің подшипниктері 100 мың шақырымға жетпей тез тозатыны аңғарылып отыр. Тежегіш колодкалары да жиі ауыстырып тұру керек.

Электроникаға да баса назар аударған жөн. Парктроник, артқы камера, люк секілді жүйелерде ақау кездесуі ықтимал.

Толық жетекті нұсқасында муфтасы әлсіз екені байқалып отыр. Сондықтан жолсыз жерлермен жүруден бас тартқан ләзім.

Нені ескеру керек?

Сондай-ақ, Kia Sportage қуатты гибридті жүйесінен өзге, IV буын Sportage де кеңінен танымал. Бұл үлгі екінші нарықта жиі кездеседі. Бағасы 15,6 млн теңге үстінде.

Шанаққа мұқият назар аударып қарау керек. «Металлик» түстілер жол қиыршығына төзімдірек. Хром элементтер мен фаралардағы ақау да саудаласуға, бағаны түсіруге себеп бола алады.

Аталған көліктердің салон тез тоза бермейді. Сонда да күтімі әртүрлі болғандықтан, белгілі бір айырмашылық болуы ғажап емес.

Техникалық сипаттамасы

Қозғалтқыштар мен трансмиссияна келсек, (150 а.к.) G4NA қозғалтқышы әлсіз тұсы болып саналады. ГРМ тізбегінің тез тозуы, май ағуы, катализатор мен клапандардағы күйелер, фазорегуляторлардың бұзылуы, суытқыштан сұйықтықтың ағуы секілді ақаулары кездеседі.

1.6 турбо (жанармай) мен 2.0 дизель қозғалтқыштарында да түйткіл бар. Дизель нұсқаларында ТНВД мен форсункалар жиі істен шығады.

Автомат па, механика ма?

Kia Sportage қуатты гибридті жүйесі бар көлік әлі жаңа болғандықтан, оның кемшіліктері туралы әзірге бірдеңе деу қиын. Алайда алдыңғы нұсқаларының 7-сатылы роботты қорабының жиі дірілдейтіні кездесіп отыр. Іске қосу кезінде біршама тұрып қалатыны да бар.

Тректері жиі жөндеуді қажет еткенмен, жөндеу бағасы қымбатқа түспейді. Тежегіш дискі мен колодкасы тез тозады. Рульдік жүйеде жүйелі ақаулар байқалмаған.

Дейтұрғанмен, Sportage сенімді, кең, жайлы, ыңғайлы кроссовер болып отыр.  Кемшіліктеріне қарамастан, өзге сипаттамалар бойынша тартымдылығы жоғалмайтын көлік.

Мұның алдында Haval кроссоверінің жаңа үлгісі шығарыла бастағанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз