Алматы – Абу-Даби рейсі ашылды
Жарияланды

1 маусымнан бастап Air Arabia Abu Dhabi әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен хабарлайды
Әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері тікелей рейстер орындалады.
Бұған дейін Шымкенттен Мюнхенге ұшатын жаңа рейс ашылатыны хабарланған. 27 мамырдан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясының әуе кемесі Шымкент – Мюнхен бағытында ұша бастайды. Әуе ұшақтары аптасына 3 рет, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері қатынайды.