Тұрғын үй кезегі: 24 мамырға дейін не істеп үлгеру керек

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: 24 мамырдан бастап тұрғын үй кезегі толығымен «Отбасы банкінің» құзырына өтеді / Фото: kursiv.media архиві

24 мамырдан бастап мемлекеттік тұрғын үй кезегі толығымен «Отбасы банкінің» құзырына өтеді. Бұл өзгерістен кейін жүйе қалай жұмыс жасайды? Үй кезегінде тұрғандар тізімді қалай көре алады? Осы жөнінде  білуге тиісті ақпараттарды ұсынамыз.

Krisha.kz мәліметінше, 24 мамырға дейін үй кезегінде тұрғандар қолданыстағы тізімнен қазіріг статуысын көре алады. Қажет болса, деректерді түзетуіңіз өте маңызды.

24 мамырға дейін не істеу керек

Мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған барлық азаматтарға өздерінің тізімде бар-жоғын тексеру өте маңызды.

Ол үшін kezekte.kz сайтына кіріп, келесі деректерді енгізіңіз:

  • Тегі, аты, әкесінің аты;
  • ЖСН (нақты іздеу үшін қажет).

ЭЦҚ қажет емес.

Егер тізімнен өзіңізді таппасаңыз — тұрғылықты жердегі әкімдікке шұғыл түрде хабарласу қажет. Қазір өңірлерде кезекте тұрған барлық азаматтарды тексеру жүріп жатыр, сондықтан базаға енбей қалмау өте маңызды.

24 мамырдан кейін не өзгереді

Барлық кезекте тұрған азаматтар мен жаңа өтініштер «Отбасы банк» басқаратын «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электронды жүйесіне көшіріледі.

Жаңа жүйе не істейді:

  • азаматтың атына тіркелген тұрғын үйдің бар-жоғын автоматты түрде тексереді;
  • отбасылық жағдайы мен мәртебесін сараптайды;
  • адами факторсыз, яғни жемқорлық пен қателіктерге жол бермей, тізімді автоматты түрде қалыптастырады;
  • тұрғын үйді бөлуді жүйелі және әділ етеді.

Қазақстанда тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі түбегейлі өзгерді. Енді соңғы 5 жылда тұрғын үйі болмаған кез келген азамат, тіпті әлеуметтік осал санатқа жатпаса да, кезекке тұра алады.

Тұрғын үй қалай бөлінеді

— 70% тұрғын үй әрдайым басымдық берілген санаттарға беріледі:

  • ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер;
  • жетім балалар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар;
  • I және II топтағы мүгедектер;
  • әйелі қайтыс болған еркектер және жесірлер.

— 30% тұрғын үй басқа санаттарға бөлінеді:

  • мемлекеттік қызметшілер;
  • бюджеттік сала қызметкерлері;
  • әскери қызметшілер;
  • қандастар;
  • ауыр дертке шалдыққан азаматтар.

Басты критерийлер — кезекке тұрған күні мен жылы.

Сондай-ақ оқыңыз