Астанада министрліктер үйінің алдында ер адамды көлік қағып кетті
Жарияланды

Астанада министрліктер үйінің жанында ер адамды көлік қағып кетті. Оқиға бүгін таңертең Достық көшесінде болған.
Полицияның мәліметінше, Nissan жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам №2 қалалық ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оған қажетті көмек көрсетіп жатыр.
Медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, зардап шеккен азамат қабылдау бөлімінде бейінді мамандардың тексеруінен өткен. Оған жеңіл ми шайқалуы диагнозы қойылды. Қазір жағдайы тұрақты.
Осыған дейін Астанада 38 жастағы жүргізушісі әл-Фараби көшесіндегі аула аумағында маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедтегі алты жастағы баланы қағып кеткен еді.