Ватиканда Рим папасы Францискпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Мыңдаған діндарлар мен әлем көшбасшылары Рим Папасы Францискпен қоштасу рәсіміне қатысу үшін Ватиканға жиналды. Қоштасу рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трамп пен жұбайы Мелания, Франция президенті Эммануэль Макарон, Украина президенті Владимир Зеленский, сондай-ақ Еуропа, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінің басшылары келді. Олармен бірге Ватиканға кардиналдар, халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды.

Рәсімге 160-тан астам делегация қатысуда, олардың ішінде 60-тан астам мемлекет пен үкімет басшылары бар. Сондай-ақ қонақтардың қатарында –Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва, Аргентина президенті Хавьер Милей бар. Ресей тарапынан Мәдениет министрі Ольга Любимова келді.
Рәсімді Кардиналдар колледжінің деканы Джованни Баттиста Ре басқарады. Құдайға мінәжет ету басталысымен Францисктің денесі салынған табытты Әулие Петр шіркеуінен алып шықты.

Францисктің денесі салынған табытты Әулие Петр соборынан ұзақ шапалақпен қарсы алды. Жиналғандар уағыз кезінде де бірнеше рет қол соғып, қошемет көрсетті. Рәсім аяқталғаннан кейін Папаның денесі салынған табыт Франциск өзі өсиет еткендей, Римдегі Санта-Мария-Маджоре шіркеуіне жерлеу үшін жеткізіледі. Понтификпен қоштасқан Кардиналдар алқасының мүшелері табыттың соңынан ілесті.
Еске салайық, 21 сәуірде, Ватикан Рим папасы Франциск қайтыс болғанын еді. Ол 88 жасында өз резиденциясы – Каса-Санта-Мартада көз жұмған.
Аргентиналық Хорхе Марио Бергольо (шын есімі) 2013 жылдан бері Рим-католик шіркеуін басқарған. Ол бұл лауазымға келген Латын Америкасынан шыққан алғашқы Папа және иезуиттер орденінен шыққан алғашқы басшы болды. Оның рухани жетекшілігін бүкіл әлем бойынша 1,4 миллиард сенуші мойындаған.
«Келесі Рим папасы кім болады?» деген сауал Папа Франциск қазасынан кейін туындайтыны анық. Кейбір БАҚ-тар үміткерлердің тізімін жасаған.
Telegraph ақпаратына қарағанда, келесі Рим папасы азиялық немесе африкалық адам болуы да ғажап емес.