Трамп пен Зеленский Рим папасы Францискті жерлеу рәсімінің алдында кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский Ватиканда Папа Францискті жерлеу алдындағы аза тұту рәсімі алдында кездесіп, келіссөздер жүргізді.
Euronews мәліметінше, Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Ченг бұл кездесудің өткенін растады және екі көшбасшының «жеке кездесу өткізіп, өте өнімді келіссөздер жүргізгенін» айтты. Ол сонымен қатар:
«Кездесу туралы толық ақпарат кейінірек жарияланады», – деп мәлімдеді.
Украина президенті кеңсесі жариялаған фотосуреттерде қос көшбасшының Әулие Петр шіркеуінің ішінде бір-біріне қарама-қарсы отырып, әңгімелесіп отырғанын көруге болады.
Римге 25 сәуір, жұма күні келген соң, Трамп әлеуметтік желіде Украина мен Ресей «өте жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізуі тиіс» екенін айтып, төртінші жылға созылған соғысты тоқтатуға шақырды. Трамп Ресей мен Украина осы апта ішінде бітімге келетініне үмітті.
Сол күні Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Өз кезегінде Трамп тараптардың «келісімге келуге өте жақын» екенін мәлімдеді.
Айта кетсек, Пасха мерекесінің құрметіне орай 30 сағатқа атысты тоқтатуға келіскен. Алайда 20 сәуір күні екі тарап бірін-бірі айыптап, Пасха бітімі бұзылғанын хабарлады. Украина Президенті Владимир Зеленский Кремльдің Пасха мерекесіне орай жарияланған уақытша бітімді 59 рет бұзғанын бұзып, 5 рет шабуылға әрекеттенгенін мәлімдеді.