28 сәуірде ауа райы қандай болады

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
Дүйсенбіде ауа-райы қандай болады
Дүйсенбіде ауа-райы қандай болады/Фото: shutterstock

Қазгидромет дүйсенбі, 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада көшпелі бұлт тұрып, күндіз +25+27 °C жылы болады.

Алматыда күн ашық, ауа температурасы +29+31 °C.

Шымкентте аптап ыстық басталып кетті: +34+36 °C.

Ақтауда күн +15+17 °C жылы. Ақтөбеде +12+14 °C, Атырауда +13 +15 °C жылы. Оралда жаңбыр жауады, сынап бағанасы +5+7 °C.

Қостанайда +18+20 °C, Петропавлда +21+23 °C, Көкшетауда +23+25 °C. Үш облыста да жаңбырлы ауа-райы күтіліп отыр. Павлодарда күн ашық +23+25 °C.

Қарағандыда жаңырлы ауа-райы болады +25+27 °C, Жезқазғанда күн ашық, +29+31 °C.

Өскеменде жаңбыр +25+27 °C, Семей ала бұлтты +26+28 °C.

Талдықорғанда күн +31+33 °C ыстық, Қонаевта +29+31 °C болады.

Оңтүстік облыстарда қазірден шіліңгір ыстық : Таразда +33+35 °C, Түркістанда +36+38 °C, Қызылордада +35+37 °C.

Сондай-ақ оқыңыз