Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.
«Құрметті достар! Мен сіздермен соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді.
Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін Президент ретінде кезектен тыс Конференцияда Комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін» – делінген Сәпиевтың жазбасында.
Сәпиев осы кезге дейін Қарағанды облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.
Бұған дейін тағы бір олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қызметке барғаны туралы жазғанбыз.