СҚО-да су тасқынына байланысты бірнеше ауыл тұрғындары эвакуациялануы мүмкін
Жарияланды

СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарында Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты қорғаныс билігі нығайтылып жатыр. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.
Нығайту жұмыстарына барлығы 1087 адам, 126 бірлік ТЖМ техникасы, ПД, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылған. Тәулігіне 4 000 дана, барлығы 110 980 дана қапшық дайындалып төселген.
Сондай-ақ Заречное ауылында су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда тәулігіне 1500, барлығы 79 200 текше метр су сорылған.
Ал Вагулино және Соколовка ауылдарындағы су деңгейі үнемі қадағаланып отыр.
Қазірдің өзінде эвакуациялық пункттер дайындалып қойған.
Бұған дейін, Есілдің арнасынан асуынан Тепличное ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылданған.