Титаник апатынан 5 күн бұрын жазылған «пайғамбарлық хат» 400 мың долларға сатылды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Титаник апатынан 5 күн бұрын жазылған "пайғамбарлық хат" 400 мың долларға сатылды
Титаник апатынан 5 күн бұрын жазылған «пайғамбарлық хат» 400 мың долларға сатылды/Фото: ВВС

«Титаник» кемесі суға кетпестен бірнеше күн бұрын жазылған хат Ұлыбританиядағы аукционда рекордтық 300 000 фунт стерлингке (400 000 АҚШ доллары) сатылды.

Полковник Арчибальд Грейсидің хатын жексенбі күні өткен аукционда аты-жөні жарияланбаған адам сатып алды. Бұл хаттың бастапқы болжамды бағасы 60 000 фунт стерлинг деп күтіліп, ол күткен бағадан бес есе қымбатқа сатылды.

Хат 1912 жылдың 10 сәуірінде полковник Грейси «Титаникке» мінген күні жазылған. Оны «пайғамбарлық хат» деп атап кеткен. Өйткені ол танысына «кеме туралы ойын сапары аяқталғаннан кейін ғана айта алатынын» жазған. Хат 1912 жылдың 11 сәуірінде кеме Ирландиядағы Куинстаун портына тоқтаған кезінде жөнелтілген, 12 сәуірде Лондонның пошталық мөрі басылған. Ал cәуірдің 14-інен 15-не қараған түні Титаник айсбергпен соқтығысып, Солтүстік Атлантикада суға кеткен.

Аукцион жүргізушілерінің айтуынша, бұл хат «Титаник» бортында жазылған хаттардың ішіндегі ең қымбат бағаға сатылғаны болып отыр

Полковник Грейсидің апат туралы жазбалары танымал дереккөздердің бірі саналады. Ол кейіннен «Титаник туралы шындық» атты кітап жазып, апат кезінде басынан өткен оқиғаларды баяндаған.

Грейси жазбасында апаттан кейін суға аударылған құтқару қайығына шығып, аман қалғанын айтады. Полковник Грейси апаттан аман қалса да, суықтан алған ауыр зардаптар мен дене жарақаттарының салдарынан денсаулығы қатты нашарлаған. Ол 1912 жылдың 2 желтоқсанында комаға түсіп, екі күннен кейін диабет асқынуынан қайтыс болған.

Сондай-ақ оқыңыз