Тракторшы пойызбен соқтығысып, оқиға орнында тіл тартпай кетті
Жарияланды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Есіл – Арқалық учаскесіндегі теміржол өткелінде пойыз бен трактор соқтығысып, тракторшы қаза тапқанын хабарлады.
«Өткелде дабыл жүйесі дұрыс істеп тұрғанына қарамастан, трактор жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, келе жатқан пойыздың алдына шығып кеткен. Машинист шұғыл тежегіш қолданғанымен, соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады», – деп хабарлады ҚТЖ.
Трактор жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
ҚТЖ автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдерінен өту кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өткелдегі дабыл белгілеріне мұқият назар аударуға шақырады.
Бұған дейін, пойызда босанған әйел нәрестесін терезеден лақтырып жібергені хабарланған.